О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 17 июля 2019 года № 52/444-6с «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің қосымшасында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері: әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын. әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.