О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 17 июня 2020 года № 147 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов и предоставления кандидатам помещения для проведения встреч с избирателями на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар ұсыну туралы» 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6368 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін»;
көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Айыртау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Басқа 1
Айыртау ауданының әкімдігі
2021 жылғы 18 қазандағы
№ 375 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 маусымдағы
№ 147 қаулысына
1 қосымша
№
Елді мекеннің атауы
Сайлау учаскесінің нөмірі
Орналасқан жері
1
Антоновка ауылы
14
Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, Ақан сері көшесі, № 39 мекенжайы бойынша орналасқан Қазпошта бөлімшесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
2
Арықбалық ауылы
45
Айыртау ауданы, Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, № 19 мекенжайы бойынша орналасқан «РИК» сауда орталығының ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
3
Саумалкөл ауылы
8
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Байкен Ашимова және Михаил Янко көшелерінің бұрышы мекенжайы бойынша орналасқан «Детский мир» дүкені ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
4
Гусаковка ауылы
51
Айыртау ауданы, Гусаковка ауылы, Молодежная көшесі, № 29 мекенжайы бойынша орналасқан бос уақыт орталығының ғимараты жанындағы ақпараттық стенд
5
Елецкое ауылы
7
Айыртау ауданы, Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 26/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Настенька» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд(келісім бойынша)
6
Имантау ауылы
57
Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 36 мекенжайы бойынша орналасқан «Мега» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
7
Казанка ауылы
22
Айыртау ауданы, Казанка ауылы, Рабочая көшесі, №17 мекенжайы бойынша орналасқан «Достық-Дэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 3 өндірістік учаскесінің әкімшілік ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
8
Карасевка ауылы
18
Айыртау ауданы, Карасевка ауылы, Озерная көшесі№ 75 мекенжайында орналасқан «Мұқашова А.Б. ЖК» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
9
Қаратал ауылы
27
Айыртау ауданы, Қаратал ауылы, Орталық көшесі № 36 мекенжайы бойынша орналасқан «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд
10
Константиновка ауылы
53
Айыртау ауданы, Константиновка ауылы, Достық көшесі, № 70 «а» мекенжайында орналасқан «Константиновка-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
11
Лобаново ауылы
59
Айыртау ауданы, Лобаново ауылы, Абай көшесі, № 32 мекенжайы бойынша орналасқан «Оксана» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
12
Нижний Бұрлық ауылы
63
Айыртау ауданы, Нижний Бұрлық ауылы, Центральная көшесі, № 34 мекенжайында орналасқан «Нижний Бұрлық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд
13
Сырымбет ауылы
31
Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, № 3 мекенжайында орналасқан «Алма» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)
14
Кирилловка ауылы
39
Айыртау ауданы, Кирилловка ауылы, Абай көшесі, № 40 мекенжайында орналасқан «Айсұлу» дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)