О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 17 августа 2020 года № 425 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уилском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен айқындалған Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде: 11 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.