О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2020 года № 524 «Об утверждении натуральных норм обеспечения Национальной гвардии Республики Казахстан топографическими картами и каталогами координат геодезических пунктов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 524 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 524 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21010 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталарымен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларында: « № Ата­уы (кар­та­лар­дың мас­шта­бы) Өл­шем бір­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның Бас қол­бас­шы­лы­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы Бри­га­да Полк Ба­та­льон Же­ке ор­на­лас­қан бө­лім­ше Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның Әс­ке­ри ин­сти­ту­ты Же­ке авиа­ци­я­лық эс­кад­ри­лья »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « № Ата­уы (кар­та­лар­дың мас­шта­бы) Өл­шем бір­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның Бас қол­бас­шы­лы­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы Бри­га­да Полк Ба­та­льон Же­ке ор­на­лас­қан бө­лім­ше Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­ның ака­де­ми­я­сы Ар­найы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­лық ба­за ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е.С. Ботақанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі