О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 ноября 2020 года № 734 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақшада: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары мен аумақтық бөлімшелер басшыларының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында: 3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (20 бірлік), №№ 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1, 17-1, 18-1, 19-1, 20-1, 21-1, 22-1, 23-1, 24-1, 25-1, 26-1, 27-1, 28-1, 30-1, 31-1, 32-1»; 2) тармақшада: көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде:
Тармақша 1
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы «17» қарашадағы № 734 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (20 бірлік), №№ 12-2, 13-2, 14-2, 15-2, 16-2, 17-2, 18-2, 19-2, 20-2, 21-2, 22-2, 23-2, 24-2, 25-2, 26-2, 27-2, 28-2, 30-2, 31-2, 32-2 Өл­шем­шар­ттар Та­лап­тар Бі­лі­мі Жо­ға­ры неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім: ден­са­улық сақ­тау (ме­ди­ци­на) (жал­пы ме­ди­ци­на және/неме­се сто­ма­то­ло­гия және/неме­се пе­ди­ат­рия және/неме­се қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау, фар­ма­ция), өн­ді­рі­стік және өң­деу са­ла­ла­ры (фар­ма­цев­ти­ка­лық өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы), Кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лі­гі стрес­ске ор­нық­ты­лық, ба­ста­ма­шыл­дық, жа­у­ап­кер­ші­лік, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға және оны ха­бар­лан­ды­ру­ға бағ­дар­ла­ну, адал­дық, ын­ты­мақ­та­стық және өза­ра іс-қи­мыл жа­сай бі­лу, қыз­мет­ті бас­қа­ру, ше­шім қа­был­дау, көш­бас­шы­лық, стра­те­ги­я­лық ой­лау, өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру. Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі «Б» кор­пу­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­на қой­ы­ла­тын үл­гі­лік бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі Де­пар­та­мент­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің көр­се­ті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің са­па­сы, дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру. Құ­зы­ре­ті ше­гін­де ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер (кө­мек) көр­се­ту, дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты іс­ке асы­ру, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау. Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер (кө­мек) көр­се­ту, дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру. Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту, үй­ле­сті­ру, мо­ни­то­рин­гі­леу, рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру, олар­дың қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес одан ай­ы­ру (ке­рі қай­та­рып алу). Фар­ма­цев­ти­ка­лық ин­спек­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру. Құ­зы­ре­ті ше­гін­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау және олар бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар қа­был­дау. Құ­зы­ре­ті ше­гін­де мем­ле­кет­тік және за­ң­мен қор­ға­ла­тын өзге де құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес өзге мін­дет­тер­ді орын­дау.