О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 17 ноября 2021 года №254 «Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25340 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 136 қаулысына 1-қосымша Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №254 қаулысына 1-қосымша Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары № Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге 1 Қант қызылшасы 15 000,0 2 Дәндік жүгері 10 000,0 3 Майлы дақылдар: Мақсары Күнбағыс Қытай бұршағы 10 000,0
Басқа 8. Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 136 қаулысына 2-қосымша Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №254 қаулысына 2-қосымша Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі № Облыс атауы Бюджеттік қаражат көлемі, теңге 1 Жамбыл облысы 2 079 801 000,0 Барлығы 2 079 801 000,0