О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 17 марта 2022 года № 15/1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27759 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімнің бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі;»; 6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
«4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне – қазан айының екінші жексенбісі: барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға;»; 7-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жасы 18-ге дейін мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін тұлғаларға, «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналарға ақшалай формасында шипажайлық-курорттық емделуге, ағымды қаржылық жылға қарастырылған сомасы шегінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.