О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 17 марта 2022 года № 16/01 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27262 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 қаулысына 1 - қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына 1 - қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Елді мекен Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері Тәрбиеленушілер саны Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) 10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар 9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар Жарты күн болатын шағын орталықтар 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары 10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы Ауыл 8 965 45 869 42 208 19 911 82 966 68 958 Қала 37 486 41 718 38 518 18 066 74 318 62 040
Басқа 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 қаулысына 2 - қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына 2 - қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері Аймақтың атауы Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері Тәрбиеленушілер саны Балабақша / бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап Абай ауданы 1 961 10500/11500 10500/11500 10500/11500 Ақтоғай ауданы 471 12000/12500 6500 - Балқаш қаласы 2 684 13900/17200 13900/17200 13900/17200 Бұқар жырау ауданы 1 421 11000/12000 11000/12000 11000/12000 Қарағанды қаласы 16 983 16000/17000 16000/17000 16000/17000 Қарқаралы ауданы 958 10500/11500 6400/6500 10500/11500 Нұра ауданы 1 003 11000/11500 8000/8500 - Осакаров ауданы 1 073 11440/14500 8706/9675 - Приозерск қаласы 386 12600/14200 12600/14200 - Саран қаласы 1 426 11000/14000 11000/14000 11000/14000 Теміртау қаласы 5 037 15000/16000 15000/16000 15000/16000 Шахтинск қаласы 2 325 16000/17000 16000/17000 16000/17000 Шет ауданы 1 236 12000/13000 12000/13000 12000/13000