О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 «О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей» Қолданыста
Басқа 0
«Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына сәйкес әзірленді және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берген жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) лицензиар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті;
Тармақша 2
2) лицензиат – осы қаулыға сәйкес жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.