О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 234 «Об утверждении Правил представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 234 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
Тармақша 1
1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) геопортал – телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 3
3) интероперабельділік – кеңістіктік деректердің, метадеректердің, техникалық және бағдарламалық құралдардың функционалдық және ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілігін білдіретін өзара үйлесімділік қағидаты;
Тармақша 4
4) кеңістіктік деректер – жергілікті жер объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді қамтитын, белгілі бір нысанда және координаттық есептеу жүйесінде танылған ақпарат;
Тармақша 5
5) кеңістіктік деректер иелері – кеңістіктік деректерді және олардың жинақтарын иеленетін жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) кеңістіктік деректердің меншік иелері – кеңістіктік деректер, олардың жинақтары мен сервистерін құру, жаңарту үшін мемлекеттік тапсырыстың тапсырыс берушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 7
7) метадеректер – кеңістіктік деректер мен геосервистердің жинақтарын сипаттайтын ақпарат;
Тармақша 8
8) Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы (бұдан әрі – ҰКДИ) – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 9
9) Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – ҰКДҚ) – геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің одан әрі пайдалануы мақсатында есепке алынатын, ұзақ сақталатын цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректердің жалпымемлекеттік, салааралық, арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар жиынтығы;
Тармақша 10
10) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
Тармақша 11
11) GML форматы – бұл электрондық цифрлық ресурстарға, мемлекеттік кадастрларға, тіркелімдерге, тізілімдерге, дерекқорға, оның ішінде географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарға арналған, сондай-ақ Интернеттегі географиялық транзакциялар үшін ашық алмасу форматына арналған модельдеу тілі;
Тармақша 12
12) TMS, WMTS тайлдық сервистер – Интернет арқылы географиялық байланған картаны орындау уақытында есептелген фрагменттерге (тайлдарға) қызмет көрсетуге арналған геосервистер;
Тармақша 13
13) WCS растрлық сервистері – стандартты интерфейсті анықтауға арналған геосервистер және әр өлшеу нүктесінде берілген мәндерден тұратын геокеңістіктік қамтуға интероперативті қолжетімділікті қамтамасыз ететін операциялар;
Тармақша 14
14) WFS векторлық сервистері – Интернет желісі арқылы объектілер мен объектілердің қасиеттері деңгейінде географиялық ақпарат беруге арналған геосервистер;
Тармақша 15
15) WMS растрлық сервистері – картографиялық сервер жасаған географиялық цифрлық жүйелердің дерекқорындағы деректер негізінде географиялық байланысты кескіндерге Интернет арқылы қызмет көрсетуге арналған геосервистер.
Тармақ 3
3. ҰКДИ-ге бюджет қаражаты есебінен құрылатын кеңістіктік деректер жиынтығы кіреді, сондай-ақ кеңістіктік деректер иелерінің өтінімдері бойынша кеңістіктік деректер жиынтықтары енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қоспағанда, кеңістіктік деректер жиынтығы ҰКДИ мемлекеттік геопорталында ұсынылады және жарияланады.
Тармақ 5
5. Кеңістіктік деректер базалық кеңістіктік деректер мен тақырыптық кеңістіктік деректерден тұрады.
Географиялық цифрлық жүйелерде интеграциялау және бірлесіп пайдалану үшін біріздендірілген негіз ретінде жалпыға бірдей қолжетімді стандартталған кеңістіктік деректердің жиынтығы базалық кеңістіктік деректер болып табылады.
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері ғылыми, өндірістік немесе өзге де қызмет процесінде құратын кеңістіктік деректер тақырыптық кеңістіктік деректерге жатады.
Тармақ 6
6. Бюджет қаражатының есебінен қалыптастырылатын базалық кеңістіктік деректердің жинақтары мен тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес ҰКДИ-дің негіз қалаушы компоненттері болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңістіктік деректердің негізгі нысандары:
Тармақша 1
1) векторлық деректер, оларға: кадастрлық ақпарат, географиялық объектілердің атаулары, шекаралар, атаулы ақпарат, гидрография және гидротехникалық құрылысжайлар, рельеф, көлік инфрақұрылымының объектілері, өсімдіктер, топырақ, жер учаскелері, ғимараттар мен құрылысжайлар, инженерлік коммуникациялар, құрылыс салынған аумақтар кіреді;
Тармақша 2
2) Жерді қашықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) деректері: аэрофототүсірілім және ғарыштық түсірілім;
Тармақша 3
3) ортофотожоспарлар: ЖҚЗ деректері негізінде алынған геоөнім;
Тармақша 4
4) картографиялық сервистер, оларға: WFS векторлық сервистері, WMS, WCS растрлық сервистері, WMTS, TMS тайлдық сервистері кіреді.
Тармақ 8
8. Кеңістіктік деректердің әрбір жинағына және осы жинақтарға арналған сервистерге «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 114/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32221 болып тіркелген) бекітілген құрылымға және анықтамалыққа сәйкес метадеректер қоса беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібі
Тармақ 9
9. Кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге ұсыну ҰКДИ мемлекеттік геопорталы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге ұсыну мақсатында мемлекеттік цифрлық жүйелерді, оның ішінде кадастрларды, географиялық цифрлық жүйелерді, геопорталдар мен геосервистерді (бұдан әрі – кеңістіктік деректер ресурстары) интеграциялау, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы ҰКДИ-дің мемлекеттік геопорталына орналастыру үшін кеңістіктік деректер жинақтары мен сервистерінің (бұдан әрі – деректер) машинамен оқылатын түрде ұсынылуын қамтамасыз ететін кеңістіктік деректердің меншік иелері айқындалады:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – жергілікті жер объектілерінің өзгеруіне әкеп соққан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы елді мекендердің шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қатты пайдалы қазбалар бөлігінде (уран өндіруді қоспағанда) жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу саласындағы уәкілетті орган – пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпарат және жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрының деректері;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган – қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерлерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, елді мекендердің шекараларынан (шегінен) тыс орналасқан беткі су объектілері, гидротехникалық ғимараттар, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – орман қорын мемлекеттік есепке алу және мемлекеттік орман кадастры туралы ақпаратты;
Тармақша 7
7) жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректері;
Тармақша 8
8) жер ресурстары саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының жер балансынан және мемлекеттік жер кадастрынан алынған деректер;
Тармақша 9
9) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган – ғарыштан алынған ЖҚЗ деректерін, цифрлық ортофотожоспарлар;
Тармақша 10
10) көлік саласындағы уәкілетті орган – құрылыс және көлік инфрақұрылымы саласындағы қызмет туралы ақпарат.
Тармақ 11
11. Кеңістіктік деректердің меншік иелері өздері жасаған деректерді ҰКДИ-ге деректердің автоматты түрде жаңартылуын қамтамасыз ететін кеңістіктік деректердің ресурстары арқылы ұсынады.
Тармақ 12
12. Кеңістіктік дерек ресурстары болмаған жағдайда кеңістіктік деректердің меншік иелері Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ұлттық кеңістіктік деректер қоры» филиалына (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) деректерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына орталық мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдардан дерек қабылдау-тапсыру актісімен (бұдан әрі – қабылдау-тапсыру актісі) қоса:
Тармақша 1
1) электрондық жеткізгіштермен;
Тармақша 2
2) пошта жөнелтілімі арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдағышта береді.
Тармақ 13
13. Электрондық жеткізгіштермен берілген жағдайда кеңістіктік деректер жинағы GML форматында бірыңғай алмасу форматында беріледі.
Тармақ 14
14. Кеңістіктік деректердің меншік иелерінің кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге енгізу үшін беруі жұмыстар мемлекеттік тапсырысты орындаушыдан қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік кәсіпорын кеңістіктік деректер мен метадеректер түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды кеңістіктік деректер мен метадеректер мазмұнының, құрылымының интероперабельділігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Кеңістіктік деректер мен метадеректер интероперабельділікке сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздіктерді жою үшін мемлекеттік кәсіпорын оларды кеңістіктік деректер иесіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарып, анықталған сәйкессіздіктердің барлығын міндетті түрде көрсетеді.
Тармақ 17
17. Кеңістіктік деректердің меншік иесі 10 (он) жұмыс күні ішінде деректердің көрсетілген сәйкессіздіктерін жояды және оларды осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұсынады.
Тармақ 18
18. Цифрлық дереккөздердің мәліметтерінен қалыптастырылған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жинағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кеңістіктік деректер иелерінің өтінімдері бойынша ҰКДИ құрамына енгізілуі мүмкін.
Тармақ 19
19. Өтінімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеңістіктік деректердің иелерінен алынған деректерді ҰКДИ-ге қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.
Тармақ 20
20. Кеңістіктік деректердің иелерінен алынған кеңістіктік деректерді ҰКДИ-да қарау және қабылдау тәртібі осы Қағидалардың 15, 16 және 17-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік кәсіпорын мен кеңістіктік деректерді беретін кеңістіктік деректердің меншік иесі немесе иесі арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап деректер берілген болып есептеледі.
Тармақ 22
22. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын кеңістіктік деректер ҰКДИ мемлекеттік геопорталында мемлекеттік кәсіпорын мен кеңістіктік деректердің меншік иесі арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
_________________________
Басқа 1. Орталық мемлекеттік органдардан немесе жергілікті атқарушы
органдардан Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына
деректерді қабылдау-тапсыру актісі
Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Орталық мемлекеттік органдардан немесе жергілікті атқарушы
органдардан Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына
деректерді қабылдау-тапсыру актісі
Біз, төменде қол қоюшылар ____________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
атынан _______________ негізінде әрекет ететін ________________ және ҰКДҚ атынан _____________ негізінде әрекет ететін ________________ бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, төмендегі кеңістіктік деректерді және оларға метадеректерді ____________ бергені, ал ҰКДҚ жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) қабылдағаны туралы осы актіні жасадық:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
(нақты берілетін деректердің, метадеректердің немесе деректер қамтылған жаңартылған
ресурстар тізбесі көрсетіледі)
Жеткізгіштер туралы мәліметтер: ___________________________
(электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште)
Мемлекеттік тапсырыс негізінде орындалған көрсетілген кеңістіктік деректер,
деректердің жинақтары:_____________________________________
(кеңістіктік деректерді жасауға немесе жаңартуға мемлекеттік тапсырыс туралы
мемлекеттік тапсырыс деректемелерін қамтитын мәліметтер көрсетіледі)
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды орындаушының атауы:
__________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырыс бойынша орындаушының толық атауы көрсетіледі)
Тараптардың бір-біріне шағымдары жоқ.
Қосымша: ___ парақ.
Орталық мемлекеттік органнан
немесе жергілікті атқарушы
органнан
____________________________
Т.А.Ә.
_____________ м.о.
Мемлекеттік кәсіпорыннан
____________________________
Т.А.Ә.
_____________ м.о.
_________________________
Басқа 2. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына базалық және
тақырыптық кеңістіктік деректер жинақтарын ұсыну туралы өтінім
Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына базалық және
тақырыптық кеңістіктік деректер жинақтарын ұсыну туралы өтінім
____________________________________________________________________________________________
(кеңістіктік деректер иесінің атауы)
жасаған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жиынтығын қабылдауды және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізуді сұраймын
1.
Кеңістіктік деректер туралы мәліметтер*:
1.1.
1.2.
1.3.
2.
Кеңістіктік деректердің ұсынылу нысаны, саны:
2.1.
электронды түрде
2.2.
қағаз жеткізгіште
3.
Қалыптасқан кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге орналастыру тәсілі:
3.1.
ҰКДИ мемлекеттік геопорталына орналастыру
3.2.
метадеректерді ҰКДИ мемлекеттік геопорталында орналастыру
3.3.
қосып (интеграциялап) орналастыру
4.
Өтініш беруші (жеке тұлға) туралы мәліметтер:
4.1.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
4.2.
заңды мекенжайы
4.3.
телефон, электрондық пошта
5.
Өтініш беруші (заңды тұлға) туралы мәліметтер:
5.1.
толық атауы, мемлекеттік тіркелген күні, БСН
5.2.
заңды мекенжайы
5.4.
телефон, электрондық пошта
6.
Өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтер:
6.1.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі (жеке басты сәйкестендіру үшін)
6.2.
заңды мекенжайы
6.3.
телефон, электрондық пошта
* нақты берілетін кеңістіктік деректердің тізбесі, саны (парақ, шаршы километр, қума километр).
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына ұсынылатын базалық және тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары өз қаражатымның есебінен құрылғанын және өз меншігім екенін растаймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Кеңістіктік деректер иесінен
_______________________________
________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның
уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)
ҰКДҚ жүргізуге уәкілетті
мемлекеттік кәсіпорыннан
қабылдады
_____________________________
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) м.о.
_________________________
Басқа 3. Кеңістіктік деректер иелерінен Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына деректерді қабылдау-тапсыру актісі
Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кеңістіктік деректер иелерінен Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына деректерді қабылдау-тапсыру актісі
Біз, төменде қол қоюшылар ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
(кеңістіктік деректер иесінің атауы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті
өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
атынан _______________ негізінде әрекет ететін ________________ және ҰКДҚ атынан _____________ негізінде әрекет ететін ________________ бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, төмендегі кеңістіктік деректерді және оларға метадеректерді ____________ бергені, ал ҰКДҚ жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) қабылдағаны туралы осы актіні жасадық:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
(нақты берілетін немесе жаңартылатын кеңістіктік деректердің, деректер жинақтарының
және метадеректердің тізбесі көрсетіледі)
Жеткізгіштер туралы мәліметтер:________________________________
__________________________________________________________________
(электронды түрде не қағаз жеткізгіште)
Тараптардың бір-біріне шағымдары жоқ.
Қосымша: ___ парақ.
Кеңістіктік деректер
иесінен
__________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті
өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы, мөрі (бар болса)
ҰКДҚ қарамағындағы
уәкілетті мемлекеттік
кәсіпорыннан қабылдады
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
м.о.
_________________________