О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 17 октября 2023 года № 9/118 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области» Күшіне енбеген
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7604-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
2) Өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
3) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға – ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
4) адамның иммунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, диспансерлік есепте тұрған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ай сайын, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
5) қатерлі ісіктері бар адамдарға жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Осы тармақтың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) арнайы комиссиямен өтінішін қарау талап етілмейді.»;
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, азаматтардың мынадай санаттарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
1) әлеуметтік мәні бар сырқаттары бар адамдарға, жылына бір рет;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға), бір рет.»;
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына кірістерді есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға тісті протездеуге, жұмыс түрлері мен материалдарын міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан тіс протездеуді төлегенін растайтын құжаттарды (шарт, фискалдық чек) көрсеткен кезде, жылына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеудің нақты құнын өтеуге;
2) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға емдеу-профилактикалық мекемелерге бару және госпитализация орнына дейін және кері қайту үшін Қазақстан Республикасының аумағында теміржол және жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүрудің нақты құнын өтеу жылына бір рет жол жүру фактісі расталған жағдайда (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттердің төленгенін растайтын банк шотынан үзінді көшірме) және госпитализация фактісін растайтын құжаттар (емдеу-профилактикалық мекемеден берілген үзінді көшірме және басқа да құжаттар) ұсынылған кезде;
3) жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдерінің біріне, жылына бір рет, емдік рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану бойынша нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде, санаторийлік-курорттық ұйым берген растайтын құжат ұсынылған жағдайда;
4) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға, сондай-ақ санаторийлік-курорттық емдеуді көздейтін әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жетіден он сегіз жасқа дейінгі балаларға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторийлік-курорттық емделуге, санаторийлік-курорттық картадан үзінді көшірмені, емдеу құны мөлшерінде орындалған жұмыстар шот-фактурасын және актісін ұсына отырып, жылына бір рет санаторийлік-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
5) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
6) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға ай сайын ұсынылған шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.
10-тармақтың 3) - 5) тармақшаларында және 12-тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.