О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 декабря 2024 года № 1063 «Об утверждении Правил индексации фиксированных тарифов и аукционных цен и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2014 года № 419 «Об утверждении тарифов, не превышающих уровня отпускной цены, установленного в утвержденном и согласованном с уполномоченным или местн Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тіркелген тарифтерді және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тіркелген тарифтерді және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 қаулысында мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларында: 6-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 14, 15 және 16-тармақтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.