О внесении изменений и дополнения в решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 17 мая 2024 года № 16/19 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7757-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережесі айқындалсын.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасындағы тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережелері»;
аталған шешімнің 1-қосымшасында:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес есептейді.» ;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді Тимирязев аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында және ресми жарияланғаннан кейін жергілікті баспа басылымында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту, жастар развития, депутаттық өкілеттіктер, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.