О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 мая 2024 года № 167 «Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного физическим и юридическим лицам в результате чрезвычайной ситуации природного характера, в сфере сельского хозяйства» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-122) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі 1-параграф. Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады. Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық почта мекенжайы көрсетілген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы; 2) құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні мен уақыты; 3) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі; 4) өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия отырысының өткізілген күні, уақыты және орны.»; 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «16. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым қоймаларын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастырады және жұмыс органына жібереді. Комиссия өтеу туралы шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке немесе заңды тұлғалардың тізбесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. 17. Жұмыс органы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – өсімдік шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-параграф. Мал шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін, сондай-ақ бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізіледі.»; 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «32. Жұмыс органы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке немесе заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады. 33. Жұмыс органы бекітілген мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбені қаражат бөлу туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органына жолдайды.»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және Мал шаруашылығы департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 1. Өсімдік шаруашылығындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған өтінім
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығына 1-қосымша Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан __________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) _____________________ атынан (жеке тұлғаның не заңды тұлға басшысының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)) Өсімдік шаруашылығындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған өтінім Маған өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығынды өтеп беруіңізді сұраймын. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: заңды тұлға үшін: атауы ________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________ мекенжайы: ____________________________________________________ телефон нөмері, электрондық почтасы: _____________________________ жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі _________________________________________________________ берген орган ____________________________________________________ берілген күні __________________________________________________ мекенжайы: ____________________________________________________ телефон нөмірі, электрондық почтасы: ______________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері _________________________________________________ хабарлама берілген күн ___________________________________________ 2. Жер учаскесі туралы мәліметтер: Р/с № Кадастрлық нөмірі Жалпы алаңы, гектар оның ішінде, егістік жерлер Зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылының атауын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған, дақылдар өсірілетін алаң Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы тәлімі суармалы 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Тұқым сақтау орнының нөмірі Ауыл шаруашылығы дақылының түрі Репродукция Бүлінген тұқымның көлемі, тонна 7 8 9 10 11 3. Құжаттар туралы мәліметтер: тұқымның сорттық және егістік сапасын растайтын құжат: құжаттың атауы ________________________________________________ құжат нөмірі ___________________________________________________ берілген күні ___________________________________________________ кім берген _____________________________________________________ тұқым сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертхана берген кондициялылығы туралы куәлік (түйнекті талдау актісі, тұқымдық талдау нәтижесі): құжат нөмірі ___________________________________________________ берілген күні __________________________________________________ кім берген ______________________________________________________ Қазақстанда өндірілген тұқымдар бойынша егістерді сынақтан өткізу актілері: құжат нөмірі ___________________________________________________ берілген күні _________________________________________________ кім берген ______________________________________________________ 4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер: ЖСН/БСН ______________________________________________________ банктің деректемелері: ___________________________________________ банктің атауы: ________________________________________________ банктік сәйкестендіру коды _______________________________________ жеке сәйкестендіру коды _________________________________________ БСН ___________________________________________________________ бенефициар коды _______________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін. Басшы ____________________ __________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Күні: 20__ жылғы «____» __________
Басқа 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін және тұқым сақау орындарын зерттеп-қарау актісі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығына 2-қосымша Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін және тұқым сақау орындарын зерттеп-қарау актісі _____________________________________________________________ Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) атауы Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _________________________________________ __________________________________________________________________ Тәлімі/суармалы жер учаскесінің орналасқан жері: _________________ __________________________________________________________________ 20__ жылғы №___________, ____________________ негізінде құрылған мынадай құрамдағы комиссия: 1._________________________________ 2._________________________________ табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін және тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау негізінде мыналарды анықтады: ___________________________ __________________________________________________________________ Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде мынадай ауыл шаруашылығы дақылдары жойылды: Ауыл шаруашылығы дақылының атауы Шаруашылықтағы ауыл шаруашылығы дақылының алаңы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Жойылған алаң Кадастрлық нөмірі 1 2 3 4 5 Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары бүлінді: Тұқым сақтау орнының нөмірі Ауыл шаруашылығы дақылының түрі Репродукция Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Көлемі, тонна 1 2 3 4 5 Комиссия мүшелері: ___________________________________ _____________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) __________________________________ _____________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығына 3-қосымша Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӨТЖ нысаны Кезеңділігі: қажет болған кезде Есепті кезең: 20___ жылғы __ _______ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша) қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатарынан құрылған комиссия Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз тасығышта және электрондық түрде 1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын аумақты көрсетіңіз Облыс ________________________________________________________ Әкімшілік-аумақтық бірлестіктер сыныптауышы бойынша коды ________ 1-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері Р/с № Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы Ауыл шаруашылығы дақылының атауы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Залал келтірілген алаң, гектар 1 гектарға жұмсалған шығындар, теңге Қаражат көлемі, теңге 1 2 3 4 5 6 7 2-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары Р/с № Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы Ауыл шаруашылығы дақылының атауы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Бүлінген тұқымдардың көлемі, тонна Бағасы,тоннасына теңге Қаражат көлемі, теңге 1 2 3 4 5 6 7 Атауы ______________________________________________________________ Мекенжайы _________________________________________________________ Телефоны ___________________________________________________________ Электрондық почта мекенжайы _________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________ ____________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 10. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1-ӨТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1-ӨТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанды: ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына береді.
Тармақ 4
4. Нысан қазақ және орыс тілерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 1-формадағы 1-кестенің 4-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер, және басқа да жағдайлар.
Тармақ 8
8. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында залал келтірілген алаң гектарда көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында 1 гектарға жұмсалған шығындар теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында қаражат көлемі теңгемен көрсетіледі (7-баған 5-баған мен 6-бағанның көбейтіндісіне тең).
Тармақ 11
11. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының атауы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2-кестенің 4-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер және басқа да жағдайлар.
Тармақ 14
14. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында бүлінген тұқымдардың көлемі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында тоннасына бағасы теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 2 -кестенің 6-бағанында қаражат көлемі теңгемен көрсетіледі (7-баған 5-баған мен 6-бағанның көбейтіндісіне тең).
Басқа 4. Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін және бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінім
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығына 4-қосымша Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін және бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінім Маған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде: 1) жануардың жеке нөмірін (бар болса) көрсете отырып, өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін:_______________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2) бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеуді сұраймын. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: заңды тұлға үшін: атауы __________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)_______________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________ мекенжайы: ____________________________________________________ телефон нөмірі, электрондық почтасы: ______________________________ жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі _________________________________________________________ кім берді _______________________________________________________ берілген күні ___________________________________________________ мекенжайы: ___________________________________________________ телефон нөмірі, электрондық почтасы: ____________________________ 2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер: ЖСН/БСН ____________________________________________________ банктің деректемелері: ________________________________________ банктің атауы: _______________________________________________ банктік сәйкестендіру коды _____________________________________ жеке сәйкестендіру коды _______________________________________ БСН _________________________________________________________ бенефициар коды ______________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін. Өтініш беруші ______________ ________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Күні: 20__ жылғы «____» __________
Басқа 5. Әкімшілік нысанның атауы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығына 5-қосымша Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз түрде жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МТЖ нысан Кезеңділігі: қажет болған кезде Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша), қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатарынан құрылған комиссия Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: _________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде 1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру аумағын көрсетіңіз Облыс ________________________________________________________ Әкімшілік-аумақтық бірлестіктер сыныптауышы бойынша коды _______ _______________________________________________________________ Р/с № Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы Жануарлар мен құстардың жыныстық жас топтарының, инкубациялық жұмыртқалардың атауы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі Жануарлар саны, бас Келтірілген материалдық залалдың сомасы, теңге 1 2 3 4 5 6 Комиссия мүшелері:___________________________________________ ____________________________________________ ____________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Атауы _______________________________________________________ Мекенжайы____________________________________________________ Телефоны_______________________________________________________ Электрондық почтасының мекенжайы_______________________________ Орындаушы __________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________ ___________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 31. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1- МТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1- МТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанды мал шаруашылығы саласындағы комиссия жұмыс қорытындысы бойынша береді.
Тармақ 4
4. Нысан қазақ және орыс тілерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Формадағы 3-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер және басқа да жағдайлар.
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында жануарлар мен құстардың жыныстық жас топтарының, инкубациялық жұмыртқалардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында (қаза тапқан) жануарлар саны, баспен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында келтірілген материалдық залалдың сомасы, теңгемен көрсетіледі.