О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 327 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на осуществление деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 7. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі № 372 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру, сондай-ақ «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «цифрлық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 болып тіркелген) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексереді және және 2 (екі) жұмыс күні ішінде «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысында көзделген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісуге сұрау салуды жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес бас тарту негіздерін, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушыны хабардар етеді. Тыңдауды өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері негізінде, оның ішінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастырушы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне немесе әлеуметтік жауапты қызметтер енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне және автоматты режимде келіп түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге не мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны әкімшілік іспен бірге шағымды қарайтын органға жолдайды.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар қаралуға жатады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға оны ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз тасығышта берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы Жоқ 3 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жергілікті атқарушы органдары 4 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері «Цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы 5 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 6 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған) 7 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 8 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру кезінде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат алғаны үшін ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлемді «цифрлық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін 9 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Келіп түскен өтініштерді тіркеу дүйсенбіден жұманы қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 17.00-ден кейін түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады 10 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) ЦҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін рұқсат алымының бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер; 3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады; 4) «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде рұқсат беру талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда). 11 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы «19» шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 болып тіркелген) талаптарға сәйкес болмауы; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады. 6) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. 12 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігіне ие. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті беруші – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде; 2) портал.
Басқа 1-1
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымша Нысан Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) Өтініш берушінің деректемелері ________________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі) Заңды тұлғалардың филиалдары (өндірістік базасы) (бар болған жағдайда) Мекенжайы__________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау пунті (бар болған жағдайда) Мекенжайы__________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беруіңізді сұраймын Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: 1.___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 2.___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 3.___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын цифрлық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қолы ____________ Өтініш берілген күні _________
Басқа 2
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Жергілікті атқарушы орган ____________________________________________________________________ (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат ____________________________________________________________________ (тіркеу нөмірі) қаласы 20__ жылғы «__» ______ Осы рұқсаттама ______________________________________________ беріледі (куәлік берілетін заңды тұлғаның толық атауы) Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) Өтініш берушінің деректемелері ________________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Заңды тұлғалардың филиалдары (өндірістік базасы) (бар болған жағдайда) Мекенжайы __________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау пункті (бар болған жағдайда) Мекенжайы__________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Бұл рұқсаттама 20__ жылғы «__»______дейін жарамды Көрсетілетін қызметті беруші уәкілеттік берген лауазымды тұлға ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып) Қолы _______ Мөр орны Бланк сериясы бланк № ____
Басқа 3
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша нысан Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы Наименование местного исполнительного органа столицы, областей, городов республиканского значения __________ қаласы Нөмірі: [Нөмірі құжаттың]] берілген Күні: [берілген Күні] жылы [ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің [жыл күні] № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі]] [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда)]