Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 754 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Қаулы · № 141 · қабылданған 13.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2024-no-754-ekb-208037/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 754 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства» Қолданыста Қаулы ·№ 141 ·13.03.2025
13.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 754 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Қолданыста Қаулы ·№ 141 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 754 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»
Атауы (қаз.)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141
Қабылданған күні
13.03.2025
Көрсетілген редакция
13.03.2025 208037_748771.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000141
ЭКБ идентификаторы
208037
Редакция идентификаторы
208037_748771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:38

0 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бөлінген қаражат су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, қосалқы электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.
Қызметін ЭҚЖЖ 55.10 «Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі», ЭҚЖЖ 55.20 «Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру», ЭҚЖЖ 55.30 «Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызметтер көрсетуі», ЭҚЖЖ 86.10.3 «Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі» шеңберінде жүзеге асыратын кәсіпкерлердің жобалары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға қаражат бөлуге жол беріледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы