О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 17 октября 2024 года № 906/10 «О расширении категорий получателей услуг инватакси» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 906/10 «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 906/10 «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7605-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулы кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабы 20-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы «Автомобиль көлiгiмен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.