О внесении изменений в постановление акимата Шортандинского района от 17 ноября 2025 года № А-3/236 «Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунальных государственных учреждений «Молодежный ресурсный центр» и «Центр обучения языкам» отдела внутренней политики, культуры и развития языков Шортандинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 «Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 «Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақыларды белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы»; 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне (оның ішінде А1/3, А2/3, А3/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2, С3 санаттарындағы қызметкерлерге) лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгіленсін.»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.