О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 февраля 2026 года № 100 «Об установлении величины процентной ставки комиссионного вознаграждения некоммерческого акционерного общества «Фонд социального медицинского страхования» на 2026 год, в рамках предельной величины, установленной Правительством Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2026 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,21 пайызы белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.