О внесении дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 17 марта 2026 года № 149/НҚ «Об утверждении Перечня объектов цифровой инфраструктуры «цифрового правительства» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №149/НҚ «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің
тізбесін бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №149/НҚ «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.