О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района от 17 февраля 2026 года №22 «Об утверждении положения ГУ «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Алтынсаринского района» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 22 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 22 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 17-тармақтың 16-тармақшасында «облыс, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана» деген сөздердің орналасу реті «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 16
16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5
«5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды».
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде аумақтық әділет органына хабарлама жіберу;
Тармақша 3
3) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.