17 жасқа толатын азаматтардың әскери тіркеуін өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
17 жасқа толатын азаматтардың әскери тіркеуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 44-баптарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібінің Ережесі туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тіркеу жылына текті 17 жасқа толатын 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Аманкелді аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскери тіркелу мен медициналық тексеруге шақырылған азаматтарды кезектен тыс амбулаторияда және ауруханада зерттеп тексеруге жағдайлар жасалсын.
Тармақ 3
3. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері бекітілген кестеге байланысты жасөспірімдердің шақыру учаскесіне тіркелуге ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру пунктіне шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және шақыру пунктеріне алып келу шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Аманкелді аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 1990 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің басшылары, тіркеу комиссиясының жұмысына тартылған мамандардың тұрақты жұмыс орындарында орташа еңбек ақысының сақталатынын ескеретін болсын. Азаматтар әскерге шақырылуға тіркелушілерді әскери есепке қоюға байланысты қажетті міндетті атқарушылар белгіленген мерзімге жұмыстан (оқудан) босатылсын.
Тармақ 7
7. "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Аманкелді ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен (келісім бойынша) бірлесе отырып ауданның білім беру мекемелеріне әскери-оқу орындарына үміткерлерді таңдау тапсырмаларын жеткізетін болсын. Ол үшін: алғашқы әскери даярлықты оқытушы ұйымдастырушыларын әскери-оқыту мекемелері туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуді; олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жузеге асыруды; әскери-оқу мекемелеріне үміткерлерді іріктеу шараларының басталуы туралы хабарламалар беруді жүзеге асырсын. Тіркеуді жүргізу барысында әрбір әскерге шақырылу жасына дейінгі тіркелушілермен әскери-оқу орындарына түсуге бағытталған әскери-кәсіби бағыттарын анықтау мақсатында жеке-жеке әңгімелесу шаралары өткізілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Дауылбайға жүктелсін.