Құжат мәтініне өту

Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

Өзге акт · № 7 · қабылданған 28.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.03.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/17-ekb-44465/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 ·28.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

ҚАЗАудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 · қабылданған 28.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
28.01.2009
Көрсетілген редакция
12.03.2010 · қолданыстағы 44465_215474.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
12.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LC000131
ЭКБ идентификаторы
44465
Редакция идентификаторы
44465_215474
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:55

0 Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабын және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметке дайындауды сапалы және ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШЕМІН:

1 1. Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары 2009 жылдың наурыз айының 31 жұлдызына дейін жүргізілсін.

2 2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы мекеме басшыларына:

1 1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес шақыру пунктіне бөлінген азаматтарды өздерінің негізгі жұмыс орнындағы қызмет міндеттерінен орташа еңбек жалақыларын сақтай отырып босату;

2

2) Шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кент, ауылдық округ әкімдері әскери есеп столы мамандарымен, оқу орындарындағы әскери жетекшілерінің қадағалауымен ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы келуі мақсатында арнайы көлік ұйымдастыру жұмыстары ұсынылсын:

3

3. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін алғашқы әскери тіркеу жұмыстары уақытында "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық филиалынан (А.Сұлтанов келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен, Арал аудандық телекоммуникация торабынан (Б.Хамитов келісім бойынша) тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету сұралсын.

4 4. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Аяпов) алғашқы әскери есепке тіркеуді ұйымдастыруға қоғамдық жұмыстарға өз еркімен келіскен азаматтарды бөлу тапсырылсын.

5 5. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (М.Байсынов келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысының қорытындысын, тіркеуді жүргізу жұмысы аяқталғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде аудан әкіміне хабарлау сұралсын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
"Қызылорда электр жүйесін тарату
компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық
филиалының бастығы
_____________ А.Сұлтанов
"__" _________ 2009 жыл
"Келісілді"
"Арал аудандық телекоммуникация
торабының директоры"
_____________Б.Хамитов
"__" _________ 2009 жыл
"Келісілді"
"Қызылорда облысы Арал аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы"
_____________М.Байсынов
"__" _________ 2009 жыл