О внесении дополнений в Регламент районного маслихата, утвержденного решением 17 сессии районного маслихата № 11 от 16 января 2002 года «О Регламенте районного Маслихата», регистрационный номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов – 641 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нормативтік құқықтық актілер реестріндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі № 641, аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 16 қаңтардағы 17 сессиясының № 11 «Аудандық Мәслихатттың Регламент туралы» шешімімен бекітілген аудандық мәслихаттың Регламентіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 17 сессиясының 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 11 «Аудандық Мәслихаттың Регламент туралы» шешімімем бекітілген (2002 жылғы 18 ақпанда № 641 мемлекеттік тіркеуден өткен) Бұқар-Жырау аудандық Мәслихатының Регламентіне төмендегі өзгерістер мен қосымшалар енгізілсін:
Тармақша 1
1) тараулар нөмірленген рим цифрлары тиісті үлгімен жазылған араб цифрларымен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихаттың регламентіне 8 және 9 тарауларымен мынадай мазмұндағы қосымша енгізілсін: «8 Тарау. Сайлау комиссияларын құру тәртібі 109. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мам басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі. Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады. 110. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылдамады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы рерламенттің 111, 112, 113 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 111. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссиясын құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады. Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құралады. Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі. Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді: 1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені; 2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін; 3) кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші. 9 Тарау. Сайлау комиссияларын құру және сайлау 112. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құралатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерін және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы теқ жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынын ұсыныс енгізеді. 113. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатурына Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар даусы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады. Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады. Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады».