О внесении изменении и дополнений в решение Атбасарского районного маслихата от 17.05.2002 г. № С 19/7, «О порядке и размере оказания малообеспеченным семьям /гражданам/ помощи на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг в городе и районе», зарегистрированного в Управлении юстиции Акмолинской области за № 1136 30.05.2002 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
30.05.2002 ж. № 1136 Ақмола облыстық Әділет Басқармасында тіркелген 17.05.2002 ж. № 19/7 «Қалада және ауданда аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ коммуналдық қызметпен тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлеміне көмектер көрсету көлемдері және тәртіптері туралы» Атбасар аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ҚР «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, 16.11.1999 ж. «Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының, «Тұрғын үй қатынасы туралы» ҚР Заңының 97 бабы 2 тармағы, 9.09.2004 ж. № 949 ҚР Үкіметінің қаулысы, Атбасар аудан әкімінің 22.11.2004 ж. № 1240 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 30.05.2002 ж. № 1136 Ақмола облыстық Әділет Басқармасында тіркелген 17.05.2002 ж. № 19/7 «Қалада және ауданда аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ коммуналдық қызметпен тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлеміне көмектер көрсету көлемдері және тәртіптері туралы» аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілсін, келесідей өзгерістермен; 3.10.2003 № 2/2 шешімімен (15.10.2003 ж. № 2057 тіркелген), 27.08.2004 ж. № 13/3 шешімімен (13.09.2004 ж. № 2779 тіркелген) келесідей толықтырулар мен өзгерістер енгізу:
Тармақша 1
1) Берілген шешімнің «Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ баспана ұстау /жеке тұрғын үй ұстаудан басқа/ және коммуналдық қызмет тұтыну төлеміне көмек көрсету Ережесі» № 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді және ресми түрде жариялауға жатады.
Басқа 4. Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстау /жеке тұрғын үйді ұстаудай басқа/ және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне көмектер көрсету ережелері
Бекітілді № 1 қосымша 2004 ж. 26 қараша № 14/2 «Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстау /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне көмектер көрсету Ережелерін бекіту туралы» Атбасар аудандық мәслихат шешімімен Бекітілді № 1 қосымша 17.05.2002 ж. № 19/7 «Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстау /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне көмектер көрсету Ережелерін бекіту туралы» Атбасар аудандық мәслихатының шешімімен Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстау /жеке тұрғын үйді ұстаудай басқа/ және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне көмектер көрсету ережелері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі - аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй үстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметке төлемақы шығынын қайтару үшін беріледі, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау /арендаға алу/ бойынша. Тұрғын үй көмегі әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады және Қазақстан Республикасының 16.04.1997 жылғы «Тұрғын үй қатынасы туралы» және 1999 ж. 16 қарашадағы № 477-1 Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша кейбір заң шығарушылық актілеріне енгізу туралы» Заңдарымен қарастырылған.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Атбасар ауданы төңірегі мен Атбасар қаласында тұрғылықты тұратын адамдарға, олардың тұрғын үй ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметке төлемақы шығыны отбасы бюджетінің осы мақсатқа көзделген шығын үлесінен асып кеткен жағдайда беріледі. Тұрғын үй ұстау /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті рұқсат етілген шығындар үлесі отбасының кіріс жиынтығына 15 пайыз көлемінде белгіленеді: Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары төлем жалпы негізінде төленеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көлемінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, ҚР 16.04.1997 ж. «Тұрғын үй қатынасы туралы» 16 сәуір 1997 жылғы Заңмен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне берілетін тұрғын үй мөлшеріне эквивалентті, /аудан және қала халқы қамтамасыз етілетін коммуналдық қызмет/ сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, құбыр, электрмен, жылумен жабдықтау, Қазақстан Респубикасы заңдарына сәйкес белгіленген.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі аудан аумағындағы және қалада тұрғылықты тұратын және тұрғын үй иесіне және жалдаушыға, арендаға алушы қарапайым тұлғаларға белгіленеді. Телефонға абоненттік төлемақы тарифын кетеру өтемақысы, телекоммукцияның қалалық жүйесінің абоненті болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға беріледі.
Тармақ 5
5. Жеке меншігінде бір бірліктен көп /пәтер/ үйі бар және тұрғын үйді жалдауға /арендаға/ беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады. Егер оларда күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі, сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныты (бірақ 9 жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғлданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтің және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға болмайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады, есептеу осы тоқсанда есептеледі, сонымен бірге отбасы табысы және коммуналдық қызметке шығындар /жылу үшін төлемнен басқасы/ өткен тоқсан бойынша алынады, ал жылу шығыны жоба есебімен нақты төлем бойынша келесіде қайта есептеумен алынады. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке төлемі нақты есептелген соммасынан артық болмауы керек. Тұрғын үй көмегінің көлемі абоненттік төлемақы тарифына көтеру бөлігінде телефонға абоненттік төлемақы ұлғайтудың айырмасынан артық болмауы керек. Тұрғын үй көмегі бірінші рет арызданған адамдар үшін арызданған айынан бастап, ал бұрын көмек алуға бөлімде есепте тұрғандар үшін, егер арыздану осы тоқсан ішінде түссе, осы тоқсанға белгіленеді. Егер тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке тариф өзгерсе, отбасы табысы өзгерсе, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі бұрын есептелген тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін төлеу толық тоқсан үшін жүргізіледі, (кұқығы бар кезінде) Тұрғын үй көмегі осы мақсатқа аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінде Халықтың банк арқылы азаматтардың салымы бойынша есебіне аудару жолымен беріледі. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен шарты аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік, қорғау бөлімі мен Халықтық банкпен жасалған агенттік келісім бойынша анықталады.
Тармақ 8
8. Жанжал, талас және стандартты емес жағдайлар туған кезде тұрғын үй көмегін белгілеу мәселесін шешу аудан әкімі аппараты жанынан жергілікті өкілетті және атқарушы органдар қызметкерлері ішінен құрылған арнайы комиссия қарауына енгізіледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің меншікті тұрғын үй нысанасының, отбасының құрамы және оның кіріс жиынтығының өзгергені туралы және сол сияқты көмекті дұрыс есептемеген жағдайда 10 күн ішінде хабар беру керек. Бөлімге сенімсіз мәлімет бергені үшін, тұрғын үй көмегі көбірек немесе заңсыз төлеуіне әкеп соқса, тұрғын үй иесі /жалдаушысы/ тұрғын үй көмегінен бір жыл бойынша айырылады, ал тұрмыстық көмектің заңсыз алынған сомасы заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегінің есептелінуі.
2. Тұрғын үй көмегінің есептелінуі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегі белгілеу шешімі тұрғын үй иесі /жалдаушысы/ арызы және оған тіркелген құжаттар негізінде: отбасының құрамы туралы, тұрғын үйдің пайдалы көлемі және коммуналдық қызмет мөлшері, телекоммуникацияның қалалық жүйе абоненттеріне (келісім шарт немесе телекоммуникация квитанциясы - қызмет үшін есеп), отбасының жинақтық кірістері туралы анықтама, ДКК (дәрігерлік кеңестік комиссия) қорытындысы, жұмыс істемейтін азаматтар үшін жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың сұрауынсыз әлеуметтік - елеулі аурулары бар және орта үшін қауіп тудыратын аурулары бар тұлғалар, зейнеттік жас алдындағы азаматтардан құжаттарын қабылдау (әйелдер 53-58 жас, еркек 58-63 жас) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың сұрауынсыз берілген өтінішке сәйкес жүргізу.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін есептеу есебі кіріктірілетін ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша отбасына келісім шарт жасалынады. Келісім шарт екі данада жасалынады, оның біреуі жалдаушысына /тұрғын үй иесіне/ беріледі. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін беруде негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Мәліметтің сенімділігіне сызат түскен жағдайда аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тұрғын үй көмегін алушылардың кірістері туралы ақпаратты сұрауға қақылы, ал заңды және жеке тұлғалар осы ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке төлемнің мөлшері шегінде нақты төлем мен отбасының осы мақсаттағы шығынының орнын толтырумен қамтамасыз ететін нақты жалдаушының /иесінің/ төлемінің арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі. Телефонға абоненттік төлемақы тарифтарын көтеру өтемақысы, абоненттерге тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін тұтынуға шығындар соммасына телефонға абоненттік ақы төлеуінің ұлғаю айырмасын қосу жолымен жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыратын көздер.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыратын көздер.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі барлық меншіктегі үйлерде тұратын, адамдарға аудандық бюджет қаражаты есебінде төленеді.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй үстауға және коммуналдық қызметке есептік-нормативтік шығынды анықтау өкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Аудандық еңбек, жұмыспен/қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі негізгі тұрғын үй иесі /жалдаушысы/ тізімін, көрсетілген көмек соммасын көрсетіп, дайындайды және орнын толтыру үшін аудандық қаржы бөліміне ай сайын тапсырыс береді, сонымен бірге тұрғын үй көмегі бойынша есеп береді.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы бөлімі тапсырыс кезінде ай сайын төлем тапсырысымен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қаражатын аудандық бюджеттен қарастырылған, ассигнование есебімен орнын толтырады.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегі заңсыз төленгені бойынша құжаттарды қате рәсімдегені үшін, лауазымды тұлға кінәсінен болса, ол бекітілген заң тәртібімен жауапкершілікке тартылады.