О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года N 6 "О применении в судебной практике законодательства о защите чести, достоинства и деловой репутации граждан и юридических лиц" (с изменениями, внесенными постановлением Пленума от 15 мая 1998 года N 5) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 қаулысына (Пленумның 1998 жылғы 15 мамырдағы N 5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен, "азаматтардың" деген сөз "жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың әсерлі құралы болып табылады. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";
Тармақша 3
3) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "Азаматтық Кодекстің 7 бабы бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 141, 143-баптарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 24 және 152-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 3-тармақтағы "АК-нің 7-бабындағы тәртіппен" деген сөздер "АІЖК-нің 24-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 4-тармақтағы "үшінші бабы" деген сөздер "8-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 5-тармақтағы "31-бабының 1-бөлімі, 38-бабының 1-бөлімі" деген сөздер "55-бабының үшінші бөлігі, 56-бабы, 150-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 6-тармақта: "9, 143-баптарының" деген сөздер "9 және 143-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "118-бабының 1-бөлігінде немесе 119-бабында" деген сөздер "129 немесе 130-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын; "ҚІЖК-нің 89-бабы" деген сөздер "ҚІЖК-нің 390-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 7-тармақтағы "АК 143-бабына" деген сөздер "АК-нің 143-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 9
9) 8-тармақтағы "АК 143-бабының" деген сөздер "АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 10
10) 9-тармақта: бірінші абзацтағы "(Қазақстан Республикасының "Баспа және басқада жаппай хабарлау мекемесі туралы" Заңының 41-бабы)" деген сөздер алынып тасталсын; "сот АІЖК-інің 26 бабының ыңғайына қарай іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы керек" деген сөздер "соттар АІЖК-нің 50 және 51-баптарына сәйкес іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы "(АІЖК-нің 25-бабы)" деген сөздер "(АІЖК-нің 50-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 11
11) 10-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
Тармақша 12
12) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "сот оны бұзушыға АІЖК-нің 406-бабында көрсетілген шамаға сәйкес мемлекет пайдасына өндірілетін штраф (жаза) салады" деген сөздер "жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтірген жауапкер заң актілерімен көзделген ретте әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.