О мерах по реализации Постановления Президента Республики Казахстан от 18 июля 1995 года № 2366 "О квоте иммиграции на 1995 год" Қолданыста
Басқа 0
"1995 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi № 2366 қаулысының жүзеге асырылуы жөнiндегi шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366 қаулысын орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала мен аудандарға көшiп келушiлердiң квотасының бөлiнуi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қала мен аудан әкiмдерi:
- көшiп келушiлердi қоныстандыруды орналастыруды, жайғастыруды ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын, көшiп келушiлердiң тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметпен айналысуына жер учаскелерiн бөлсiн;
- босқын-репатрианттардың отбасыларына халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тұрғын үй, отын, коммуналдың және басқа да қызметтерге ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктер қолдану қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментiне /Момынов/, көшiп келушiлердi мiндеттi түрде дәрiгерлiк байқаудан өткiзудi, қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетудi және территориялық емдеу мақсатында профилактикалық мекемелерге бекiтудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасына /Қуанышбеков/ көшiп келушiлердi жұмыспен тиiмдi қамту мақсатында жұмысқа жарамды отбасы мүшелерiн дайындау, қайта дайындау, мамандықтарын арттыру шаралары қабылдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек Бас басқармасына /Өтемiсов/: көшiп келу мәселелерiн үйлестiру жұмыстарын және осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын облыс әкiмшiлiгiне ақпар берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Н. Әшiмовқа жүктелсiн.
Басқа 7
Қ О С Ы М Ш А
Шет елдерден көшiп келудiң 1995 жылға
арналған квотасы
/отбасы/
------------------------------------------------------------------------
NN!Көшiп келушiлер!Тәжiкстан!Түрiкменс-!Түрiк !Өзбекстан !Барлығы
!жiберiлетiн !Республи-!таннан !Респуб-!Республикасы!
!аудандар мен !касынан ! !ликасы !нан !
!қалалар ! ! !нан ! !
------------------------------------------------------------------------
1. Арыс - 20 - - 20
2. Жетiсай 20 - - 40 60
3. Кентау - - - 1 1
4. Келес 25 - - 100 125
5. Киров 25 - - - 25
6. Қазығұрт - - 12
7. Мақтаарал 34
8. Ордабасы 20 - - - 20
9. Сарыағаш 40 60 10 200 310
10.Сайрам - 40
11.Түлкiбас 20 20
12.Төлеби 4 4
13.Түркiстан - - 10 - 10
14.Шардара - - - 14 14
15.Шымкент 20 - - 10 30
Барлығы: 150 80 20 500 750