О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменений и дополнений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба от 18 октября 1996 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы Мәскеуде 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ХАТТАМА Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, төмендегілер туралы келісті:
Тармақ 1
1. 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Шарттың атауы, кіріспесінің 2 және 3-абзацтары""сынақ полигонын" деген сөздерден кейін "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 3-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: "Полигон - жер учаскелерін" және онда орналасқан мүлікті қамтитын біртұтас кешен. Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігі үшін ставка, яғни Полигонның жалға берілген жер учаскелерін, оның ішінде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің аудан (гектар) бірліктерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.";
Тармақша 3
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Шарттың 3-бабымен белгіленген Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне ставканы негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,718 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетілген мөлшері осы Шартқа қол қойылған күні болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейін енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердің барлық түрін ескереді. Полигонның жалға берілетін жер учаскелерінің, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің құрамы өзгерген кезде, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне белгіленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерінің жалға берілетін ауданының өзгеруіне тепе-тең өзгереді. Полигонды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы өзгерген жағдайда осы Шартқа Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.";
Тармақша 4
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Шарттың 4-бабында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен алынады. Жалдау төлемдерін аудару жыл сайын әрқайсысы екі тең бөлікпен жылдың екінші және төртінші тоқсанының соңғы айының 5 күніне дейін жүзеге асырылады. Қазақстан Тарабының уәкілетті органы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне қаражатты аудару үшін төлем алушыны және қаржы деректемелерін көрсете отырып хабарлама жібереді және көрсетілген қаражатты алғаны туралы оны хабардар етеді. Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелері өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабының уәкілетті органы кезекті төлем мерзімі өткенге дейін бір айдан кешіктірмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне бұл туралы хабардар етуге міндетті.".
Тармақ 2
2. Осы Хаттама ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілетін болады. Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді. 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей. ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ­НЫҢ РЕ­СЕЙ ҮКІ­МЕ­ТІ ҮШІН ФЕ­ДЕ­РА­ЦИ­Я­СЫ­НЫҢ ҮКІ­МЕ­ТІ ҮШІН Осымен 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің Ха­лы­қа­ра­лық-құқық де­пар­та­мен­ті Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар бас­қар­ма­сы­ның Ба­стығы