О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по бухгалтерскому учету от 18 ноября 1996 года N 6 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6 "Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық, қызметiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспары туралы" қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспарында:
Тармақша 1
1) V "Меншiктi капитал" бөлiмi 503 "Салымдар және пайлар" шотымен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) VIII "Шығыстар" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын: "80 Өткiзiлген тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны 801 Өткiзiлген дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны 802 Сатуға арнап сатып алынған өткізілген тауардың өзіндік құны 803 Орындалған құрылыс-монтаж, жобалау-iздестiру, геологиялық-барлау, ғылыми-іздестiру және т.б. жұмыстардың өзiндiк құны 804 Көлiк ұйымдарының жүк және жолаушылар тасымалы бойынша көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны 805 Жалға байланысты қызметтердiң өзiндiк құны 806 Байланыс ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны 807 Сақтандыру ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны 808 Басқалар 81 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер) 811 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер) 82 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары 821 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары 83 Проценттер бойынша шығыстар 831 Проценттер бойынша шығыстар 84 Негiзгi емес қызметтер бойынша шығыстар 841 Материалдық емес активтердi өткiзуге байланысты шығыстар 842 Негiзгi құрал-жабдықтарды өткiзуге байланысты шығыстар 843 Бағалы қағаздарды өткiзуге байланысты шығыстар 844 Бағам айырмасы бойынша шығыстар 845 Басқалар 85 Табыс салығы бойынша шығыстар 851 Табыс салығы бойынша шығыстар 86 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болған шығыстар (залалдар) 861 Дүлей апаттан болған өтелмейтiн залалдар 862 Дүлей апаттан болған шығыстар (залалдар) 863 Тоқтатылған операциялардан болған шығыстар (залалдар) 864 Басқалар 87 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал) 871 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал)
Тармақша 3
3) Х "Өндiрiстiк есептiң шоты" бөлiмi, 900 "Негiзгi өндiрiс" шотымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық 1997 жылғы 10 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.