О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1996 года № 1137 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi № 1137 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басының куәлiктерiн айырбастау және беру процесiн жеделдету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi N 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 357-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "паспорттар мен жеке басының куәлiктерiн сатудан арнаулы шотқа түскен қаражатты, 1998 жылдың аяғына дейiн, республикалық бюджетте тиiстi қаржылық жылға арнап белгiленген тәртiппен көзделген қаражаттан тыс, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарын дамытуға пайдалануға рұқсат етсiн".