О приостановлении действия постановления Правительства Республики Казахстан от 18 июля 1996 года № 916 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi № 916 қаулысының күшiн тоқтату туралы
Мұнай операцияларына мiндеттi сақтандыру жүргiзу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Тармақ 1
1. "Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың тәртiбi мен оны жүргiзудiң шарттары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi № 916 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж.,№ 31, 288-құжат) күшi Үкiметтiң ерекше өкiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен және Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау комитетiмен бiрлесiп Ұлттық Банктiң келiсiмi бойынша бiр ай мерзiм iшiнде мұнай операцияларына мiндеттi сақтандыру жүргiзу тетiгiн жетiлдiру жөнiнде консультанттарды тарта отырып ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.