О некоторых вопросах Соглашения о взаимных гарантиях, заключенного 18 ноября 1997 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы "БГ п.л.к." және "Аджип С.п.а." компанияларының болып өткен қайта ұйымдастырылуына байланысты және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 37 қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған ЭНИ С.п.а., Аджип Қарашығанақ Б.В., Транско п.л.к., БГ Интернэшнл Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және БГ Групп п.л.к. арасында жасалатын 1997 жылғы 18 қарашадағы Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмге өзгерiс туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. 1997 жылғы 18 қарашада жасалған ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 мамырдағы N 598 қаулысына қосымша 1997 жылғы 18 қарашада жасалған ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ Осы ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ 2001 жылғы ________ :
Тармақ 1
1. Аджип С.п.А. құқықтық мұрагерi, Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А (ЕNI S.р.А) компаниясы ("Аджип Бас компаниясы");
Тармақ 2
2. Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Аgiр Каrасhаgаnак В.V.) компаниясы ("Аджип");
Тармақ 3
3. Бұрын БГ п.к.к. деп аталған, Құрама Корольдiкте тiркелген Транско п.л.к. (Тrаnsсо р.l.с.) компаниясы ("Транско");
Тармақ 4
4. Бұрын БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед деп аталған, Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Интернейшнл Лимитед (ВG International Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
Тармақ 5
5. АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Инк. (Техасо Inс.) компаниясы ("Тексако Бас компаниясы");
Тармақ 6
6. АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Техасо International Реtrоlеuм Company) компаниясы ("Тексако");
Тармақ 7
7. Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" Бас компаниясы");
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика");
Тармақ 9
9. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("Қазақойл"); және
Тармақ 10
10. Құрама Корольдiкте тiркелген компания БГ Групп п.л.к. (ВG Grоuр р.l.с.) ("БГ Бас Компаниясы") арасында жасалды. Жоғарыда санамаланған тараптардың әрқайсысы бұдан әрi жеке өз алдына "Тарап" және бiрлесе "Тараптар" деп аталады. АДЖИП С.п.А. ЭНИ С.п.А. қосылғандықтан, мұнымен бiрге соңғысы АДЖИП С.п.А. компаниясынан оған тиесiлi барлық активтердi, сервитуттарды, мiндеттемелердi, қарыздық мiндеттемелердi, кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды, концессияны, лицензияны, рұқсатын, жалға беру құқығын, кез келген тұрғыда келiсiм-шарттар, кепiлдiктер мен тапсырмалар бойынша құқықтар мен мiндеттемелердi қабылдағандықтан; БГ п.л.к. бас холдингтiк компания болып табылатын компаниялар тобында басында iшкi қайта ұйымдастыру және одан кейiн - компаниялардың бөлiнуi (барлығы бiрге "Қайта ұйымдастыру" деп аталатын) болғандықтан және Бритиш Газ қазiргi уақытта толықтай БГ Бас компаниясына тиесiлi еншiлес компания болып табылатындықтан; Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде, Транско Бритиш Газ компаниясымен неғұрлым қосынды компания болып табылмайтындықтан және Бiрiккен Корольдiкте газ беру жөнiндегi операциялармен байланысты бизнеспен айналысатын болғандықтан және БГ Бас компаниясы мұнай мен газды барлауға арналған мүлiктiң және осы қызметпен байланысты, бұрын БГ п.л.к. тиесілі болған басқа да мүліктiң меншiк иесi болып табылатындықтан; БГ п.л.к. өзінің заңды атауын Транско п.л.к деп өзгерткендiктен; Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед өзiнiң заңды атауын БГ Интернейшнл Лимитед деп өзгерткендiктен; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына және оны орындау үшін қабылданған тиiстi заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне таратылған Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi функциясының бөлiгi берiлдi және АДЖИП С.п.А, Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ п.л.к., БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернейшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi арқылы Республика атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмге қатысты Қазақойлдың мiндеттемелерi талап етiлетiн болғандықтан; Тараптар жоғарыда көрсетiлген өзгерiстердiң көрiнiс табуы үшiн ӨКК-ге өзгерiстер енгiзудi қалайтындықтан және келесіде Қазақойлдың мiндеттемелерiн беру жөнiнде қосымша өзгерiстер енгiзілетiн болғандықтан; СОНДЫҚТАН Тараптар мыналар туралы уағдаласады:
Тармақ 1
1. ӨКК-нiң кiрiспе бөлiгiнде көрсетiлген Тараптар құрамы былайша жазылатын болады:
Тармақша 1
1) Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А (ЕNI S.Р.А) компаниясы ("Аджип Бас компаниясы");
Тармақша 2
2) Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Аgiр Каrасhаgаnак В.V.) компаниясы ("Аджип");
Тармақша 3
3) Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Групп п.л.к. (BG Group р.l.с.) компаниясы ("БГ Бас Компаниясы");
Тармақша 4
4) Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Интернейшнл Лимитед (ВG International Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
Тармақша 5
5) АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Инк. (Техасо Inс.) компаниясы ("Тексако Бас компаниясы");
Тармақша 6
6) АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Техасо International Реtrоlеuм Company) компаниясы ("Тексако");
Тармақша 7
7) Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" Бас компаниясы");
Тармақша 8
8) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("Қазақойл"); және
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика").
Тармақ 2
2. Барлық Тараптар БГ Бас компаниясы: (А) ӨКК жөнiндегi Трансконың нақты қазiргi де, шартты түрде бар ретiндегi де, болашақта пайда болатын да барлық үлестерiн, құқықтарын, мiндеттерiн, қарыздарын және мiндеттемелерiн өзiне қабылдағандығын; (Б) Бас Компания - Бритиш Газ үшiн Кепiл болғандығын мойындайды және келiседi (және бұл ӨКК қол қойылған күнiнен бастап кез келген мақсатта күшінде болады).
Тармақ 3
3. Мiндеттемелердi өзiне қабылдаумен және жоғарыда 2-тармақта санамаланғандарды ауыстырумен байланысты Тараптар Трансконың нақты қазiргi де, шартты түрде бар ретiндегi де, болашақта пайда болатын да (Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болғандарды шектеулерсiз қоса алғанда), оған ӨКК бойынша жүктелген кез келген төлемнен және барлық қарыздардан мiндеттемелер мен мiндеттердi орындаудан босағанын мойындайды және келiседi әрi бұл ӨКК қол қойылған күнiнен бастап кез келген мақсатта күшiнде болады.
Тармақ 4
4. Транско өзінде ӨКК бойынша еш құқықтың, еш үлесiнiң жоқ екендiгiн мойындайды және растайды, өйткенi мұндай барлық құқықтар мен үлестер БГ Бас компаниясына тапсырылған және өткiзiлген.
Тармақ 5
5. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiм бойынша туындайтын кез келген және барлық даулар ӨКК-тiң 7-бөлiмiне сәйкес шешілетiн болады.
Тармақ 6
6. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiмге тараптардың саны бойынша даналарда қол қойылуы мүмкiн және бiрге алынғанда мұндай даналардың барлығы бiр құжат ретiнде қаралуы тиiс. Осы Келiсiмге орыс және ағылшын тiлдерiндегi даналарда қол қойылады және олардың екеуiнің де күшi бiрдей. Осы Келiсiм Тараптар үшiн мiндеттi болып табылады және мұнай-газ өнеркәсiбiнің халықаралық тәжiрибесiне сәйкес тәртiппен, алайда жоғарыда баяндалғанға қарамастан, осы Келiсiм Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетiн бiр ғана ескертпемен түсiндiрiледi.
Тармақ 7
7. Осы Келiсiмнiң бас әрiппен жазылған барлық терминдерi, өзгеше ескертпелердi қоспағанда, ӨКК-те белгiленген терминдер болып табылады.
Тармақ 8
8. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiм оған барлық Тараптар қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ ДӘЛЕЛI РЕТIНДЕ осы Келiсiмге Тараптардың уәкiлетті өкiлдерi тиiсiнше түрде қол қойды. ЭНИ С.п.А _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: АДЖИП ҚАРАШЫҒАНАҚ Б.В. _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: ТРАНСКО П.Л.К. _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: БГ ИНТЕРНЕЙШНЛ ЛИМИТЕД _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: ТЕКСАКО ИНК: _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: ТЕКСАКО ИНТЕРНЕЙШНЛ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: "ЛУКОЙЛ" МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ" АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН ӘРЕКЕТ ЖАСАУШЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ АТЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: "ҚАЗАҚОЙЛ" ҰЛТТЫҚ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯСЫ _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: БГ ТОПТАРЫ П.Л.К. _______________________ Аты: Қызметi: Күнi: