О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О практике применения законодательства об уголовной ответственности за контрабанду" от 18 июля 1997 года № 10 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегi Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершілік жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы N 10 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi реттейтiн Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарының өзгертiлуiне байланысты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шiлдедегi "Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы" заңды қолдану тәжiрибесi туралы" N 10 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1-тармақ "контрабанда деп танылады" сөздерiнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Соттар экономикалық контрабанда кезiнде, егер оған жауапкершiлiк ҚК-тiң 209-бабында көзделген болса, - мемлекеттiң экономикалық мүддесi, ал ҚК-тiң 250-бабында көзделген контрабанда болса, - қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiк мүддесi негiзгi және тiкелей объект болып табылатынын ескеруi тиiс".
Тармақ 2
2. 6-тармақ "мен ауытқуы (содан туындайтын) жатады" сөздерiнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Аталған, сондай-ақ басқа да айналыстан алынбаған заттарды немесе айналысы шектелмеген заттарды (мысалы, азық-түлiк, киiм, аяқ киiм, парфюмерлiк заттар және т.б.) Республикалық кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзу үшiн жауапкершiлiк ҚК-тiң 209-бабында белгiленген".
Тармақ 3
3. 7-тармақтағы "орнынан әкетiлуi" сөздерi "ҚК-тiң 250-бабында көзделген қылмыс құрамын құрайды және" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 14-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Осы санаттағы iстер бойынша жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тiң 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, мұндайда жаза негiздi және әдiл болуы үшiн контрабанда заттарының мөлшерi мен санын ескергенi, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, немесе арнаулы, әскери не құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру ретiндегi қосымша жаза тағайындау мәселесiн қарағаны жөн. Заңмен көзделген жағдайларда контрабанда заттарын мемлекет кiрiсiне енгiзген жөн."
Тармақ 5
5. 1, 9, 12 тармақтарынан "мемлекеттiк немесе" сөздерi алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Пленум хатшысы