О внесении изменения в приказ Национального пенсионного агентства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 декабря 1998 года N 171-П "Об утверждении Инструкции о порядке информирования накопительными пенсионными фондами вкладчиков и получателей о состоянии их пенсионных накоплений" Күшін жойған
Басқа 0
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары мен алушыларын олардың зейнетақы жинақтарының жайы жөнiнде ақпараттау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту" туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 171 бұйрығына өзгерту енгiзу туралы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі
2002 жылғы 22 ақпан
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес салымшылар мен алушылардың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларымен салымшылар және алушыларды олардың зейнетақы жинақтарының жайы туралы ақпараттау тәртiбi туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн деген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 171-Ө бұйрығына төмендегi өзгерту енгiзiлсiн:
аталған Бұйрықпен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларымен салымшылар және алушыларды олардың зейнетақы жинақтарының жайы туралы ақпараттау тәртібі туралы Нұсқаулыққа:
7 тармақ келесі мазмұнда берілсін:
"7. Жыл сайынғы міндетті ақпараттың мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 2 айдың ішінде".
Тармақ 2
2. Заң бөлімі (Валиева Р.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.