О реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 июня 1998 года № 115-р Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкімін жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге мемлекеттiк бақылауды күшейту және оларды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкiмiн жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Жоғарыда аталған өкiмдi орындау жөнiндегi жоспар-шара қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шекарамен шектес аумақтағы қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстық кеден басқармасымен және облыстық iшкi iстер басқармасымен бiрге контрабандалық тауарларды Шығыс Қазақстан облысына әкелу және Шығыс Қазақстан облысынан әкету каналдарын анықтау жөнiнде жоспар-шара әзiрлесiн, жанар-жағар май материалдарын әкелу мен әкетуге ерекше көңiл бөлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.), облыстық көлiк инспекциясының бөлiмi (Қалиев С-М.Н.), облыс бойынша салық полициясы комитетiнiң бас басқармасы (Сарбаев А.К.), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттiк қызметi (Якупов В.С.), "Стандарттау, метрология және сертификациялау орталығының" облыстық мемлекеттiк кәсiпорны (Мешiнбаев Е.С.) және Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет (Феофанова А.С.) халық тұтынатын тауарлар мен жанар-жағар май материалдарын өткiзумен шұғылданушы ұйымдардың iс-қимылдарына және оларды рұқсат ететiн құжатсыз өткiзудi болдырмау жөнiнде заңда көзделген бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), облыстық кеден басқармасы (Тiлемiсов Н.Х.) және облыстық көлiк инспекциясының бөлiмi (Қалиев С-М.Н.) қажеттiлiгiне қарай жасалған оперативтi-iздестiру шараларына сәйкес "Рубеж" жүйесiнiң бақылау постыларында тексерулер ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету маршруттарын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiн орындау жөнiндегi
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 10 қыркүйек № 1-449ө өкiмiне № 1 қосымша Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету маршруттарын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiн орындау жөнiндегi ЖОСПАР-ШАРА Облыс әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев