О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 18 мая 1998 г. № 3956 «О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждат Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайларын жақсарту жөніндегі біріншікезекті шаралар туралы» № 3956 Жарлығын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайларын жақсарту жөніндегі біріншікезекті шаралар туралы» № 3956 Жарлығын орындау үшін және эпидемиологиялық жағдайларды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және азаматтардың денсаулықтарын қоғаудағы конституциялық құқықтарын іске асыру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайларын жақсарту жөніндегі біріншікезекті шаралар туралы» № 3956 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудан әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайларын жақсарту жөніндегі біріншікезекті шаралар туралы» № 3956 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар әзірлесін. Оларды орындау жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау департаментінің бастығы С.Е.Ыбыраев, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы А.А.Белоног Президент Жарлығының талаптарын ескере отырып, ағымдағы жылдың 10 маусымына дейінгі мерзімде тұрғындарды туберкулез және вирусты сары аурудан қорғау жөнінде бағдарлама әзірленсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудан әкімдері, денсаулық сақтау департаменті мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы әр елді мекендер бойынша 5 жасқа дейінгі балалар санын анықтасын, оларды жаппай иммунитеттендіруді, жаңа туған нәрестелерге вирустық сары ауруға қарсы вакцинация /егу/ жасалсын.
Тармақ 5
5. Облқаржы басқармасы Ф.Ф. Сутулов осы мақсаттар үшін қаржы қарастырсын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудан әкімдері, денсаулық сақтау департаменті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени саласына әр айдын 25 жұлдызында істелген жұмыстар туралы ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімінің
1998 жылғы 2 маусымдағы
№ 136 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулык жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Жарлығы жөніндегі іс-шаралар Жоспары
Реттік
№
Іс-шаралар атауы
Жауапты орындаушы
Орындалу мерзімі
Ескертулер
1
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Жарлығын орындау жөніндегі облыс әкімінің шешімін дайындасын
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі
1998 жылдың 5 маусымына дейін
2
Әкімнің шешімін «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» облыстық газеттерінде жарияласын
әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінің редакциясы
1998 жылдың 5 маусымына дейін
3
Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-лығын түсіндіру жөнінде ақпарат күнін өткізсін
Ақпарат жөне қоғамдық келісім басқармасы, денсаулық сақтау депар-таменті
1998 жыл маусым
4
Бұқаралық ақпарат құралдарында облыс халықтарының денсаулық жағдайын жақсарту мәселелері жөнінде сөз сөйлеу циклдарын ұйымдастырсын.
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, денсаулық сақтау депар-таменті, мемсанэпидбақылау басқармасы
Маусым, тұрақты
5
«Азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» күн тәртібімен қала және аудан әкімдерінің орынбасарларымен, қалалық аудандық ауруханалардың, мемсанэпидбақылау қызметінің бас дәрігерлерімен жиналыс өткізсін
Әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі, денсаулық сақтау департаменті, мемсанэпидбақылау басқармасы
Маусым 1998
6
«1998-2005 жылдарда жұқпалы сары аурумен ауруды төмендету» және «1998-2000 жылдарда халықты туберкулезден қорғау жөніндегі» бағдарламаны әзірлесін
Білім департаменті, мемсанэпидбақылау басқармасы
Маусым, 1998
7
«Салауатты өмір салты - Ел Президентінің 1998ж. Қазақстан халқына жолдаған басымдығының бірі» бағдарламасын орындау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.
Қала және аудан әкімдері
Тұрақты
8
Облыс, қала және аудан әкімдері жанынан туберкулезбен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесін құрсын
Қала және аудан әкімдері
Маусым, 1998
9
Облыстың жөндеу-еңбек мекемелерінде туберкулездің алдын алуды күшейту жөніндегі іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлесін, оларды тарату жөніндегі шараларды қабылдасын
Ішкі істер басқармасы, денсаулық сақтау департаменті
1998 жылдың 15 маусымына дейін
10
Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету жөнінде қосымша іс-шаралар қабылдасын
Қала және аудан әкімдері
Тұрақты
11
Емдеу-прафилактикалық мекемелердің материалдық-техникалық базасын бекіту жөніндегі іс-шараларды қабылдасын
Қала және аудан әкімдері
Тұрақты
12
Оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығына жылсайынғы байқауды өткізсін
Білім департаменті, қала және аудан әкімдері
1998 жылдың
1
қыркүйегіне дейін
13
Туберкулезден ауылшаруашылық малдарын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді және барлық жеке меншік нысандағы кәсіпорындардағы, жекеменшік шаруашылығындағы малдар мен адамдардың ауруының алдын алу шараларын қамтамасыз етсін
Денсаулық сақтау департаменті, мал дәрігері комитеті, қала және аудан әкімдері
Тұрақты
14
Туберкулезден емдеудің интенсивтік қысқа мерзімді курсы бойынша методикалық нұсқаулық әзірлесін
Денсаулық сақтау департаменті
1998 жылдың 1 жарты жылдығы
15
Халыққа иммунопрафилактика жүргізуге бақылауды халықтың эпидемиологиялық маңызды топтарына мақсатты ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін,
Мемэпидбақылау басқармасы, денсаулық сақтау департаменті
Тұрақты
16
Туберкулез және вирусты сары ауру ауруынан халықты қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қайта қарасын
Облыстық қаржы басқармасы, қала және аудан әкімдері
маусым, 1998 жыл
17
Туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу жөніндегі медициналық кадрларды даярлаудың жергілікті базасын дайындасын
Денсаулық сақтау департаменті
Тұракты
18
Халық үшін туберкулезбен, вирусты сары аурумен күрес, салауатты өмір салтына насихаттау жөніндегі ғылыми-әйгілі әдебиеттерді таратсын
Ақпараттық және қоғамдық келісім басқармасы, денсаулық сактау депар-таменті, мемсанэпидбақылау басқармасы
Тұрақты
19
Салауатты өмір салтына насихаттауды жеке тұлғамен, сондай-ақ халықтың бір тобымен іске асырсын. Олармен сауықтыру іс-шараларын, оған дене тәрбиесі дайындығын, психологиялық жеңілдетуді, тамақ ішуді нормалы ұйымдастыруды, жаман дағдылардың алдын алу жөніндегі кештер өткізуді енгізе отырып өткізсін
Денсаулық сақтау департаменті, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы, мемсанэпидбақылау басқармасы
Тұрақты
20
Барлық оқу орындарында көрнекі құралдар мен оқулықтарды сатып ала отырып, бағдарлама бойынша оқушылардың оқуына енгізсін
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы, денсаулық сақтау департаменті,
1998 жыл
21
Бұқаралық ақпарат құралдарын, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын пайдалана отырып, П.К.Иванованың «Детка» жүйесі бойынша табиғи сауықтыру әдісін насихаттаудың белсенділігін оятсын
Денсаулық сақтау департаменті, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы
Тұрақты
22
Өткір іш ауруларының, карантин және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі әдісін кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы, денсаулық сақтау департаменті, мемсанэпидбақылау басқармасы
Тұрақты
Әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі