О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1412 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1412 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының атауындағы "Мазут" деген сөзден кейін "және дизель отыны" деген сөздермен толықтырылсын; қаулының кіріспесіндегі "мазутпен" деген сөзден кейін "және дизель отынымен" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтағы "1999 жылғы 25 желтоқсанға" деген сөздер "2000 жылғы 1 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын: "1-1. 1999 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын"; 2-тармақтағы "1 қаңтарға" деген сөздер "1 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "1-тармағын" деген сөздерден кейін "және 1-1-тармағын" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейін "бірінші" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.