О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 596 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде: 23-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшада: екiншi абзацтағы "бiр немесе бiрнеше" деген сөздер "6 және одан да көп" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгіде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша 30 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 25 пайызынан кем болмауы"; жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы"; сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) тармақшада: екiншi абзац "мамандануы" деген сөздiң алдынан "3 және одан да көп мамандық бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 40 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 30 пайызынан кем болмауы"; жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 15 пайызынан кем болмауы"; сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) тармақшада: екiншi абзацтағы "7" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын; төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 50 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 35 пайызынан кем болмауы"; жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 20 пайызынан кем болмауы"; сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.