О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 596 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі N 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымының филиалына берiлетін лицензияның қосымшаларында мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ететiн оқыту мерзiмдерi көрсетіледі."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Қысқа мерзiмдi курстар, тағылымдамалар нысанындағы және мемлекеттiк қорытынды аттестаттаумен және мемлекеттiк үлгiдегi бiлiмi және (немесе) біліктілігі туралы құжаттар берумен аяқталмайтын басқа да оқыту түрлерiнің бiлiм беру қызметi лицензиялауға жатпайды."; 7-тармақ 5) тармақшадағы "жоспарларын" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын: "6) штаттағы оқытушылардың бар екенін растайтын құжатты; 7) меншiк оқу-материалдық базасының бар екендігін растайтын құжаттарды."; 2), 3) тармақшалардың оныншы абзацында 23-тармақтың "өз меншiгіндегi немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған" деген сөздер "меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын: "23-1. Дiни оқу орындарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) даярлық бейiні бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және діни бiрлестiктер қоятын талаптарға сай келетiн штаттағы оқытушылардың болуы; 2) толық оқу цикліне білім алушылар контингентiне шаққанда бiр оқушыға саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетiн оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттер қорының болуы; 3) білім беру процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы; 4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы; 5) дiни кадрлар даярлау туралы тиiсті дiни конфессияның қолдаухатының болуы; 6) мәлімделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестің қорытындысының болуы. 23-2. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып, бiлiм беру бағдарламасы пәндерінің кемiнде 90 %-ын iске асыру; 2) әрбiр бiлiм алушының негiзгi ақпараттық білім беру ресурстарына қол жетiмдiлiгінің және оқытушылармен өзара iс-қимылының болуы; 3) кемiнде екі қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану (кейстік, желілік және ТД-технологиялар); 4) Web-сайт пен бiлiм порталының болуы; 5) оқытуды қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып жүргізу үшiн мамандандырылған студияның болуы; 6) қашықтық технологияларын пайдаланып іске-асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының барлық пәндерi бойынша электронды оқу-әдістемелік кешендердің болуы; 7) байланыс арналары өткізу қабiлетiнің қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары жөніндегі мемлекеттік стандартының талаптарына сай болуы; 8) оқытушылар мен көмекшi персоналдың қашықтықтан бiлiм беру саласындағы бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттарының болуы; 9) бiлiм беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың, ұйымдастыру техникасы мен құрал-жабдықтардың болуы және қажеттi оқу-материалдық базасының болуы. 23-3. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудi iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) кадрларды даярлау бейiні бойынша жоғары бiлімі бар штаттағы оқытушылардың болуы; 2) мамандандырылған оқу-практикалық базасының болуы; 3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетiн ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы."; 26-тармақ 2) тармақшадағы "сәйкес келмеуі" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) көрсеткiштердiң бiлiктiлiк талаптарында белгіленгеннен төмендеуi."; 30-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.