О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 596 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде:
4-тармақтың бірінші абзацындағы ", оның ішінде оқытудың нысандары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.