О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 596 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
Тармақ 4
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
"4. Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияны:
Тармақша 1
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiмнiң (арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын және спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
Тармақша 2
2) кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт жөнiндегi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға - облыстың жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
Тармақша 3
3) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
Тармақша 4
4) жоғары кәсіптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын және кәсіптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын, дiни бiлiм беру бағдарламаларын (дiни оқу орындарына) iске асыратын, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға - Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы (лицензиар) бередi".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.