О внесении изменений в приказ МГД РК от 18 сентября 2001 года № 1306 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ҚР MКМ-нiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi № 1306 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексiне) сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы кiрiс министрiнiң "Салық есептiлiгiн жасау ережелерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған бұйрықпен бекiтiлген акциз бойынша (400.00 нысан) Декларация жасау Ережелерiнде:
Тармақша 1
1) 31-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "өндiрiстiк қажеттiлiктерге пайдаланылған алдағы өткiзулер үшiн ерте сатып алынған бензин" деген сөздер "ҚР аумағында одан әрi өткiзу үшiн сатып алынып, өздерiнiң өндiрiстiк қажеттілiгi үшiн пайдаланылған бензин" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 400.05 нысанның YII тармағының 400.05.002 жолындағы "өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерiне ҚР өткiзу мақсатында сатып алынған бензиндi" деген сөздер "ҚР аумағында одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензиндi өздерiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгi үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Ә.Базарбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.