О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2002 года N 228 и от 15 апреля 2002 года N 432 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 және 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
6-тармақтың 5-бағанындағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"-селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар қалыптастыру үшін арнаулы жабдықтарды, отандық селекцияның саны аз және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерін сатып алуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру";
Тармақша 2
2) "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесінде:
10-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
"2) селекциялық-генетикалық орталықтар асыл тұқымды малдар мен арнаулы жабдықтарды сатып алуға жасасылған шарттың (келісім-шарттың) бір данасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3
"3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жасасылған шарттардың (келісім-шарттардың) дұрыстығы мен растығын тексереді және бюджеттік ақшаны селекциялық-генетикалық орталықтың есеп айырысу шотына аударады. Селекциялық-генетикалық орталықтар 2002 жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей асыл тұқымды малдар мен арнаулы жабдықтарды сатып алуды жүзеге асырады, келесі айдың ішінде барлық төлем құжаттарының және кіріске алу актілерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі коллекциялық табындарды малдардың және арнаулы жабдықтардың бар екендігін тексереді және актімен ресімдейді".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі