О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 января 2002 года N 26 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1775 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1775 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 26 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Валюта заңдарының мәселелерiн реттеу және Қазақстан Республикасынан капиталдың әкетiлуiне бақылау жасаудың тиiмдi тетiгiн құру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесін бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 26 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1775 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 11-24 наурызда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiнде: барлық мәтiн бойынша "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi (Дюгай H.H.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiлдi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi _________________________ __________________ 2003 ж.