О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2002 года N 323 и от 27 марта 2002 года N 357 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 P020323_ қаулысына: 1-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшада: "Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) тармақшада: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) тармақшада: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) тармақшада: "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) тармақшада: "Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Экономика және сауда" деген сөздер "Индустрия және сауда" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 P020357_ қаулысына: 1-тармақта: "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі Бауыржан Жаңабекұлы Аймақов" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев" деген сөздермен ауыстырылсын; "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздер "Нұрлан Құсайынұлы Рахметов" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.