О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2002 года N 323 и от 27 марта 2002 года N 357 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақтан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына :
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "Дунаев Арман Ғалиасқарұлы" деген сөздер "Исаев Батырхан Арысбекұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулысына :
1-тармақтағы "Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев" деген сөздер "Қайрат Медiбайұлы Әйтекенов" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі