О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2002 года N 323 и 27 марта 2002 года N 357 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысында : 1-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
Тармақша 3
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
Тармақша 4
4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;";
Тармақша 5
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,";
Тармақша 2
2) "ТACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357  қаулысында : 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі