О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2002 года N 438 "Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета" зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2002 года N 1992 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1992 тіркелген "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002ж. N 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру үшін бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2002 ж. N 438 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1992 тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 45-4, 729-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына: 341-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "341 "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары"; 42-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "42 "Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша"; 423-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "423 "Карт-шоттардағы ақша"; 43-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша"; 431-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "431 "Ел ішінде шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша"; 432-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "432 "Шет елдегі шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік ақша"; 44-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "44 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша"; 441-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "441 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша"; 551-шоттың атауындағы "заңнамада" деген сөз "құрылтай құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын. 602-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы";.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Г.Н.Өзбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.