О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года N 620 "Об утверждении перечня расходов по экономической классификации расходов, требующих заключения договоров", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2113 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86 бұйрығымен өзгерістер енгізілді - N 2212 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесінде, "Ескерту" бағаны мынадай сөздермен толықтырылсын: 138, 139, 142, 146, 149-ерекшеліктер бойынша: "және әкімшісі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі болып табылатын "Шет елдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.