О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 18 октября 2002 года № 224 «О задачах местных представительных и исполнительных органов по выполнению Государственной программы "Образование", номер государственной регистрации 1877 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың Мемлекеттік "Білім" бағдарламасын орындаудағы міндеттері туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 18 қазандағы № 224 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1877 Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың Мемлекеттік "Білім" бағдарламасын орындаудағы міндеттері туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 18 қазандағы № 224 шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1877 мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Бірінші абзацтағы "Білім департаментінің директоры Қ.А. Қаткеновтың" деген сөздерден кейін "Қостанай облысындағы Мемлекеттік "Білім" бағдарламасын іске асыру туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. "Білім" Мемлекеттік бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысындағы 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық "Білім" бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр)."; «2. Қалалық және аудандық әкімияттар, білім басқармасының органдарына Аймақтық "Білім" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты іс шараларды әзірлесін, оларды тиісті мәслихаттардың сессияларында бекітсін.";
Тармақша 2
2) 8-тараудағы 2002-2005 жылдардағы аймақтық "Білім" бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары: 1-тармақтағы "Қала, аудан әкімдерінің шешімі" деген сөздер "Аудан, қала әкімияттарының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын"; 4-тармақтағы "Облыс әкімінің шешімі" деген сөздер "Облыс әкімиятының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын"; 5-тармақтағы "Шешім қабылдау" деген сөздер "Әкімият қаулысын қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын, "Облыс әкімінің шешімі" деген сөздер "Облыс Әкімиятының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын"; 19-тармақтағы «Аудан, қала әкімдерінің шешімдері» деген сөздер "Аудан, қала әкімияттарының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын"; 26-тармақтағы "Аудан, қала әкімдерінің шешімі, білім департаментінің бұйрығы" деген сөздер "Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының катысуымен шарт" деген сөздермен ауыстырылсын, " Аудан, қала әкімдері, білім департаментінің директоры" деген сөздердің алдына "Қорғаншылық және қамқоршылық органдары" деген сөздермен толықтырылсын".